Алматыда ұрлықпен айналысқан үш әйел ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының полиция департаментінің мәліметінше, олар бір үйдің үш келіні. Қалта ұрлығына күдікті әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған.
"Олар базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланған өзге де орындарда ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған", - дейді полицияда.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.
