Алматыда бір пәтерде 990 адам тіркеуге тұрғаны анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде бір пәтерде 990 адамның тіркелгенін анықтады. Бұл заңсыз көші-қон схемасының бөлігі болуы мүмкін. Тіркеу мекенжайы бойынша ешкім тұрмаған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Заңсыз тіркеуге қатысы бар адамдар анықталуда.