Алматыда жол апаты болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды қалалық полиция. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Әуезов ауданындағы Сайын көшесінде, Абай даңғылының жолайырығы астында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан "Shacman" жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік кабинасы едәуір зақымданған.

Абырой болғанда, жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдеді. Полиция жүргізушілерге көлік басқару кезінде жылдамдықты қатаң сақтап, жолдағы жағдайды ескеру қажеттігін тағы да еске салды.