2026 жылдың басынан бері Алматыда 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 3 452 адам жарақат алып, 73 адам қаза тапты. Бұл деректер 1 қаңтардан 31 мамырға дейінгі кезеңді қамтиды және құқықтық статистика порталында жарияланған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бес ай ішінде ең көп апат Алмалы ауданында тіркелді – 501 ЖКО. Екінші орында Алатау ауданы – 473 оқиға. Үшінші орынды Бостандық ауданы иеленді – 456 апат. Әуезов ауданында 429, Медеу ауданында 369, Түрксіб ауданында 337, Жетісу ауданында 270 және Наурызбай ауданында 200 ЖКО тіркелді.
Алмалы, Алатау, Бостандық және Әуезов аудандары қаладағы барлық тіркелген апаттардың 60%-дан астамын құрайды. Жалпы, қаңтар-мамыр айларында Алматы жолдарында 3 452 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, 73 адам қаза тапты. Орташа есеппен бұл кезеңде қалада тәулігіне шамамен 20 апат болып, күн сайын 22-ден астам адам жарақаттанған.
Алматы еліміздегі жол-көлік оқиғаларының саны бойынша ең жоғары көрсеткіштері бар өңірлердің бірі болып қала береді. Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда шамамен 12,3 мың ЖКО тіркелген, оның шамамен әрбір төртіншісі оңтүстік астанада болған.
Бұған дейін «Курсив» соңғы үш жылда еліміздегі жол апаттарының саны екі еседен астам өскенін, алайда ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім 8,4%-ға төмендегенін хабарлаған.
