Алматыда 4 қазанда сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін «Байқоңыр» метро станциясының кіреберісі мен шығуы уақытша жабылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шектеу Орталық стадионда өтетін концертке байланысты енгізіліп отыр. Бұл туралы Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Концерт күні метро күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар «Байқоңыр» станциясында жолаушылардың кіруіне бір жарым сағатқа шектеу қойылады.
«Осы кезеңде «Байқоңыр» станциясының кіреберісі мен шығуы уақытша жабылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сағат 22:00-ден бастап станция жолаушылар үшін қайта ашылады және метро жұмысы аяқталғанға дейін қолжетімді болады.
