Алматыда автобуста ер адамдар арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда қоғамдық көлікте жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқаны көрінеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес автобус салонында, жолаушылардың көз алдында болған. Оқиға кезінде жолаушылардың бірі пышақ шығарған. Автобуста кішкентай балалар да болған.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді", - деді полицияда.

Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, дейді тәртіп сақшылары.