Алматыда жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам автокөліктің ауаға шығаратын зиянды қалдықтары белгіленген нормадан асатыны анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Eco Almaty өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген. Оның 1 301-інен, яғни тексерілген әрбір төртінші көліктен шығарылатын зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
