Алматыда Терренкур аллеясында ер адам бейтаныс әйелдің денесіне қол жүгіртіп, оның бөксесінен ұстаған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаға қатысты мәліметтерге сәйкес, күдікті — шетелдік турист. Ол Қазақстанға оқиға болған күннің алдында, бір күн бұрын келген.
Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар полиция шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін материалдарды сотқа жолдады.
