Алматыда 30 жастағы әйелді автобус қағып өлтірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай бүгін Бостандық ауданында болған. Полиция мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Ал әйел жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны автобус қаққан.

Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.