Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар болуы мүмкін екені анықталды.

«Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — дейді полиция.

Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Тергеу барысы министрдің жеке бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін көп қабатты үйлердің бірінен басына пакет кигізілген адамның сыртқа алып шығу әдісі камераға түсіп қалған болатын. Бейнежазба ер адамның көршілерінің күдігін туғызған. Олар қылмыскерлердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденіп алуы мүмкін екендігін де айтқан.