Алматыда онкологиялық скринингтер барысында 225 тұрғыннан қатерлі ісік анықталды. Оның 215-інде ауру ерте сатыда табылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл басынан бері Алматыда онкологиялық скринингтерден 237 мың тұрғын өтті. Тексерулер тіркелген жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі – бұл МӘМС аясында, оның ішінде сақтандырылмаған қазақстандықтар үшін де қолжетімді.
Тексерулер барысында 225 жағдай анықталды, оның 215-і ерте сатыда. Бұл емдеуді ерте бастауға және сәтті нәтижеге жету мүмкіндігін арттырады.
Жыл басынан бері Алматы онкологиялық орталығында 14 мыңнан астам пациент көмек алды. 1,1 мыңнан астам адамға операция жасалды, оның жартысы аз инвазивті, яғни кесусіз өтті.
«Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу сәтті болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Сондықтан тегін скринингтерден үнемі өту маңызды. Қатерлі ісікке күдік туындаған жағдайда пациент «жасыл дәліз» қағидаты бойынша тексеруден өтеді», – деді Алматы онкологиялық орталығының директоры Жанна Құжаева.
Бұған дейін Қазақстанда онкологиялық аурулардан аман қалу көрсеткіші жақсарғаны және ісікті ерте анықтау деңгейі артқаны хабарланған болатын.
