Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2008 жылы болған қатыгез кісі өлтіруге қатысы бар адамға қатысты үкім шығарды. Еуропада жылдар бойы жалған ақпаратпен жасырынған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, қылмыс 2008 жылдың 19 мамырында түнде Фурманов көшесінде жасалған. Сот анықтағандай, Юсупов пен оның серіктесі Коваленко қылмыстық орта өкілімен жанжалдасып, оны үйінің жанында күтіп тұрған.
Оқиға орнында жәбірленушінің басына бірнеше рет оқ тиіп, ол сол жерде қайтыс болған. Өлтіргеннен кейін Юсупов Қазақстаннан кетіп, халықаралық іздеу жарияланған.
Іс материалдарына сәйкес, Коваленко өлтіруден кейін қылмыстық әрекетін жалғастырған. 2008 жылдың жазында ол Қапшағайдағы «Ескі қамал» демалыс аймағында болған қарулы оқиғадан кейін ұсталған. Сонда полиция қызметкері қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жарақат алған.
2009 жылы Коваленко 23 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сол уақытта құқық қорғау органдары оның серіктесі Юсуповты іздеуді жалғастырған. Қылмыстық ортада ол «Кинг-Конг» деген лақап атпен танымал болған және белгілі қырғыз қылмыстық беделінің айналасына кірген. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да оны 2007 жылы Бішкекте автокөлік жуу орнының иесін өлтіруге байланысты іздеген.
Көп жылдар бойы Юсупов өзгертілген жеке деректерін пайдаланып, Еуропа елдерінде жасырынған. 2025 жылдың тамызында ол Литва шекарасын кесіп өту кезінде ұсталған.
Сол жылдың қарашасында Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол Отанына экстрадицияланған.
2026 жылдың шілдесінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Юсуповты алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Бас прокуратурада экстрадиция халықаралық ынтымақтастықтың күшеюінің және шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен тікелей байланыстардың нәтижесі екенін атап өтті.
«Заң және Тәртіп» қағидаты, оның ішінде жауапкершіліктің бұлтартпастығын білдіреді: іздеудің ескіру мерзімі де, жеке деректердің өзгеруі де, елден тыс жерде болу да сот төрелігінен жалтару мүмкіндігіне айналмауы керек», – деді ведомство өкілдері.
Прокуратурада шетелде сот төрелігінен жасырынып жүрген адамдарды іздеу және Қазақстанға қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін «Курсив» Оңтүстік Кореядан 2,5 млрд теңгені жнақтау ісі бойынша айыпталушының экстрадицияланғаны туралы жазған болатын.
