Алматыда жыл басынан бері 3 мыңнан астам автобустың экологиялық көрсеткіші тексерілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мамандар жалпы 3 108 автобусты тексерген. Мониторинг нәтижесінде оның 1 420-сы, яғни шамамен 45,7%-і экологиялық талаптарға сай емес екені анықталды.
«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр», — дейді әкімдік.
Айта кетері, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Іс-шара автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған.
