Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жаңа интернетке Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.

"2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр", - дейді цифрландыру басқармасының мамандары.

Айта кетері, Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала болып отыр.