Алматыда Қала күніне орай өтетін іс-шараларға байланысты 10 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Almaty_Joly хабарлауынша, 17 қыркүйек сағат 22:00-ден 21 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін Төле би көшесі Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта толығымен жабылады. Осы уақыт аралығында №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттарының сызбалары өзгереді.
№37, 48, 201, 206, 209, 210, 224 бағыттары
Шығыс бағытта: Төле би → Абылай хан → Қабанбай батыр → Назарбаев → Төле би – одан әрі сызба бойынша.
Батыс бағытта: Төле би → Назарбаев → Бөгенбай батыр → Абылай хан → Төле би – одан әрі сызба бойынша.
№16 бағыты
Шығыс бағытта: Төле би → Абылай хан → Гоголь.
Батыс бағытта: Гоголь → Абылай хан → Төле би.
№126 бағыты
Шығыс бағытта: Төле би → Абылай хан → Гоголь → Қалдаяқов.
Батыс бағытта: Қалдаяқов → Гоголь → Абылай хан → Төле би.
№205 бағыты
Шығыс бағытта: Желтоқсан → Гоголь → Назарбаев → Төле би.
Батыс бағытта: Төле би → Назарбаев → Гоголь → Наурызбай батыр.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.
Бұған дейін «Курсив» Алматының Қала күні биыл 19 және 20 қыркүйекте атап өтілетінін жазған. Барлығы қалада шамамен 300 мерекелік іс-шара жоспарланған, ал негізгі қалалық алаңдарға кіру тегін болады.
