Алматыда полицей формасын Хэллоуин киіміне балаған әйелге ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейге қатысты арандатушылық әрекет жасаған. Оқиға Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде болған.
Полицейге қолына камера ұстаған әйел келіп, формасы «Хэллоуин костюмі емес пе?» деп сұрақ қойған. Бұл видео желіде тарап, қызу талқыға салынды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 47 жастағы әйелге 129 750 мың мөлшерінде айыппұл салынды.
