Алматыда ер адам айып тұрағына қойылған көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлына байланысты арнайы айып тұрағына қойылған.

«Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі құжаттарын алып кету үшін айып тұрағына келген. Алайда ол құжаттарын алудың орнына көлікке отырып, айып тұрағынан өз бетінше шығып кеткен», — деп жазылған хабарламада.

Полиция көлікті іздеуге кірісіп, оны Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан тауып, қозғалысы тоқтатылды. Көлік қайтадан арнайы айып тұрағына жеткізілді.

Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар көлікті айып тұрағынан рұқсатсыз алып шыққаны бойынша қылмыстық іс қозғалды.