Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желілердегі бейнежазбасынан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам видеода былапыт сөздер қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Автордың жеке басы анықталды — ол 36 жастағы алматылық болып шықты.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Блогердің парақшасынан толық видео жойылғанымен, полиция көрсеткен таралған үзіндіде перформанстың мәні көрініп, естіледі. Кадрларда классикалық костюм киген ер адам қымбат көліктен түсіп, қаладағы құбыр төсеу процесін тексеруді пародиялайды. Ол сөзінде былапыт сөздер қолданып, мердігерлердің нашар жұмысына әкімдіктің реакциясын айтады.

Алматы полициясы әлеуметтік желілерде лайктар мен танымалдылыққа ұмтылу азаматтарды заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.