Алматыда ауа сапасын жақсарту мақсатында маңызды шешім қабылданды. Жыл соңынан бастап газбен қамтылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға толық тыйым салынады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Бұл жаңа ереже бірінші кезекте газ құбыры тартылған аудандарда орналасқан жеке үйлердің, моншалардың және дербес қазандықтардың иелеріне қатысты. Енді олар үйлерін жылыту үшін көмір, дизель немесе басқа да қатты отын түрлерін қолдана алмайды.
Заң талабын елемеген тұрғындарға 10 АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салынады.
Қала билігінің мәліметінше, мұндай қадамға Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін барып отыр. Қазіргі таңда қала 99,6% газдандырылған, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға зиян келтіретін отын түрлерінен толықтай бас тартуға мүмкіндік береді.
Фото: Әлеуметтік желіден
