Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Қазан қаласында өткен «Shombay-fest 2026» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәдени шараға Қазақстан, Африка елдері, Серб Республикасы және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан барған театр труппалары қатысты. Байқауға 14 театр мен 150-ден астам қуыршақ театрының әртісі қатысты.
Театр ұлттық құндылықтар мен қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға арналған «Ортеке» қойылымы үшін фестивальдің бас жүлдесін алды. Қазылар алқасының төрағасы Дэвид Бурманның айтуынша, Гран-приді алматылық труппаға беру туралы шешім бірауыздан қабылданған.
