Алматы қаласы мен облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

14 тамызда түстен кейін қаланың бірден бірнеше ауданында электр жарығы өшті. Әкімдіктің мәліметінше, сағат 14:38-де KEGOC-тың үш желісі апатты жағдайда ажыратылған. Салдарынан Алматы қаласы мен облысындағы тұтынушылардың бір бөлігі электр желісінен ажыратылды.

"Алатау Жарық Компаниясының" мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.