АҚШ рэпері Ye-дің (Канье Уэст) Қазақстандағы концертіне бір апта қалды. Әртіс 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетеді. Оқиғаға байланысты ажиотажбен қатар интернет-алаяқтар да белсенділік танытуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалған билет сатушы ұсталды

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде қызметкерлер концертке билет сату туралы хабарландыру орналастырған жас жігітті анықтады. Ол алаяқтық схемасын аяқтап үлгермеді — полицейлер оның әрекетін уақытылы тоқтатты, әлеуетті сатып алушылар зардап шеккен жоқ.

Полиция бұл ірі музыкалық оқиға алдындағы күшейтілген бақылаудың бір ғана нәтижесі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметкерлер әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және басқа да интернет-платформаларды тәулік бойы бақылап, жалған билеттерді сату әрекеттерін және басқа да алаяқтық схемаларды анықтауда.

Полиция ескертуі

«Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аударуға болмайтынын және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырады», — деп еске салды Алматы полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары «тиімді» бағалар мен шұғыл алдын ала төлем ұсыныстарына алданып қалмауға кеңес береді, өйткені дәл осындай схемаларды интернет-алаяқтар ірі шаралар қарсаңында жиі қолданады.

Жалған қауесеттер

Алдыңғы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде концерт алдында билет бағасы айтарлықтай төмендейді немесе жеңілдікпен сатылым басталады деген қауесеттер тарады. Алайда ұйымдастырушылар бұл — жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Концертке дайындық

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Канье Уэст шоуына арналған 100 тоннадан астам техникалық жабдық Алматыға жеткізіліп жатқанын жазған болатын. Қалаға сахналық конструкциялар, жарық және дыбыс жүйелері бар шамамен 15 жүк көлігі бағытталуда.