Алматы орталығында Қарасай батыр көшесіндегі аллея абаттандырылып, скверлерді біртұтас жаяу жүргінші аймағына біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аллеяның Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі бірінші бөлігі 2025 жылы абаттандырылған. Қазіргі уақытта жұмыстар келесі бөлікте – Наурызбай батыр көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі аралықта жүргізілуде. Бұл учаскенің ұзындығы 500 метрден асады.
Аталған учаскеде бұрын мейрамханалардың бірінің жазғы террасасы жауып тұрған өткел қалпына келтірілді. Қала әкімдігімен келіссөздерден кейін мекеме иелері құрылымды өздері бұзды.
«Абаттандыру аясында 3 500 шаршы метр брусчатка төселді, 105 дана көше жарықтандыру тірегі және 25 демалыс орындығы орнатылды», – деп хабарлады Алмалы ауданының әкімдігі.
Аллея бойымен ірі ағаштар мен 8 мың бұта отырғызылып, 9 мың шаршы метр газон жасалады деп жоспарлануда. Суару мәселесі де ескерілген.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін аллея учаскелері біртұтас жаяу жүргінші маршрутына біріктіріліп, ол Алматы орталығындағы скверлер мен басқа да қоғамдық кеңістіктерді, соның ішінде «Қарағайлы» саябағын байланыстырады. Ведомствода нақты мерзімдерді атаған жоқ.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Алматының Түрксіб ауданында Шолохов көшесін абаттандыру және Майбороды көшесінде жаяу жүргінші аймағын құру жоспарлары туралы жазған болатын.
