Алматы облысының таулы аймағындағы өрт оқшауланды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің (МЧС) мәліметінше, өрттің ауданы 13 гектарды құрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрғақ өсімдік Еңбекшіқазақ ауданында, Қайназар ауылының маңында тұтанған. Өртті сөндіруге тік беткейлер, күрделі рельеф және өрт ошақтарына баратын жолдың болмауы қиындық туғызды.

Тілсіз жаумен күресу үшін МЧС тікұшағы тартылды. Ол жалпы көлемі 54 тонна болатын суды 18 рет тастады.

Бұған дейін «Курсив» өртті сөндіруге Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың 50-ден астам адамы мен 16 бірлік техникасы қатысқанын жазған болатын.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнындағы жұмыстар жалғасуда.