Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Тлендиев көшесіндегі мейрамханада өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жалын бүкіл ғимаратты шарпыған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғарылатылған қоңырау дәрежесі бойынша жұмыс істеуде. Өрт локализацияланған, алайда сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар келген кезде мейрамхана ішінде келушілер болмаған. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр екі газ баллонын, сондай-ақ көлемі 50 литр оттегі баллонын алып шықты.

Өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Бұған дейін «Курсив» Тараздағы Ташкент көшесіндегі үш қабатты ойын клубы ғимаратында өрт болғанын хабарлаған. Құтқарушылар өртті жойып, жалынның көрші тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер болған жоқ.