Алматы облысында Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында өрт шығып, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті, деп жазады qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын шаруашылық ғимараттары өрттен зардап шекті.
««Өрт туралы ақпарат кеш хабарланғандықтан, жалын тез тараған», – дейді ТЖМ құтқарушылары.»
—
Төтенше жағдайды жоюға қою түтін және үйдің қамыс қапталған каркас қабырғалары кедергі болған. Сонымен қатар, үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы (ара қашықтық небары 1,5-2 метр) мен тар көшелер де қиындық тудырған.
Жанып жатқан үйден әйел мен сәбиінің мәйіті табылды, күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Өрт 448 шаршы метр аумақты шарпыған. Ошақтан 4 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.