Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер дереу ұсталды. Олар бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Полицияның хабарлауынша, қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға кірісті. Қысқа уақыт ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адам анықталды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.