Іле Алатауы шыңдарына шығу кезінде екі әйел жарақат алды. Оларды ауруханаға тікұшақпен жеткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы мәліметтерді хабарлады. Бірінші альпинист 22 жаста. Ол Ресейден келген және Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Октябренок» шыңына топ құрамында көтерілген. Шыңның биіктігі — 3480 метр. Көтерілу кезінде қыз ашық сынық алған.
Екінші альпинист, ол да ресейлік, Талғар ауданындағы «Маяковский» шыңына көтерілген. 4208 метр биіктікте 34 жастағы зардап шегуші де жарақат алған. Қандай жарақат екені нақтыланбаған.
Құтқарушылар мен ТЖМ дәрігерлері қыздарды Ми-8 тікұшағымен алып кеткен. Жұмыстар күрделі биік тау жағдайында орындалған, ұшқышқа тік беткейлермен шектелген алаңдарға қонуға тура келген.
«Эвакуациядан кейін әуе кемесі Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухана аумағындағы тікұшақ алаңына қонды. Зардап шеккендер қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін «Курсив» Алматы тауларында құтқарушылар тау ауруына байланысты жағдайы нашарлаған жасөспірімге көмекке келгенін жазған болатын.
