Алматы облысында Заречный кентіндегі №14 түзеу мекемесінің 10 сотталғаны сокамерниктерінен ақша бопсалағаны үшін сот алдында жауап берді. Ер адамдар өз сокамерниктерінен ақша бопсалады деп айыпталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, 2022 жылдан 2024 жылға дейін сотталғандар тобы басқа тұтқындардан ақша бопсалаған. Қаражат банк карталары мен шоттарына, мобильді қосымшалар арқылы аударылған.

Бас тартқан жағдайда жәбірленушілерді ұрып-соғып, қорлаған, сондай-ақ психологиялық қысым көрсетіп, қорқытқан.

Көп эпизодты істі тергеуді Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің дәлелдемелері ұсынылды.

«Нәтижесінде сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесін айыптаудың барлық тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оларға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлады прокуратура.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін «Курсив» Қарағандыда бопсалау үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі сотталғаны туралы жазған. Банда жергілікті тұрғындарды үрейлендіріп, шахтерлардан ақша тартып алған.