Алматы облысында су тасқыны салдарынан 58 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы бірнеше елді мекенде жұмыс жүргізді. Эвакуацияланған адамдар уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілуде.

Құтқару жұмыстарына 50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Жағдай тұрақты бақылауда. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.