Алматы облысының Боралдай кентінде әйел көлік тізгініне ие бола алмай, дүкеннің қабырғасын бұзып өтіп кірген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Салдарынан дүкен ішіндегі тауарлар қойылған сөрелер қираған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоаға қарағанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Видеода көлік жүргізушісі өзіне ұстама болғанын да айтады. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші жауапқа тартылған. Сондай-ақ полиция оқиғаның барлық мән-жайы тексеру қорытындысы бойынша анықталатынын хабарлады.
