Алматы облысында Владимир Тепляковтың өлімінен кейін иесіз қалған 100-ге жуық ит қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Дворянское собрание" ұйымы таратқан мәліметке сәйкес, Жамбыл ауданында иесіз қалған 90 итті қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары аяқталды.
Еріктілердің жұмысы
Еріктілердің айтуынша, соңғы күндері араларында жүрген адамдардың көбісі мүлдем ұйықтаған жоқ деуге болады.
"Иттер мен үйшіктерді тасыдық, көлік, иттерді алатын адамдарды және оларды орналастыратын жерлерді іздедік. Қазіргі кезде иттер уақытша бір жерге орналастырылды, ең бастысы, оларға қауіп төніп тұрған жоқ", — дейді еріктілер.
Осы жұмысқа басқа да иттерді қорғайтын басқа да ұйымдар атсалысты.
Алдағы жоспарлар
Еріктілер бұл жұмыстың басы ғана екенін атап өтті.
"Дегенмен, бұл жұмыстың басы ғана. Алдағы уақытта жануарлардың санап шығу керек. Вакцинациялау, кастрациялау, орналастыру, тамақ беру мен пана іздеу сияқты шаруалар бар. Соның бәріне тағы ақша, адамдар мен уақыт қажет", — деп атап көрсетті еріктілер.
Пананың тарихы
Айта кетері, иттерді құтқаруға арналған Dog House "Твардовский дом" панасын Владимир Тепляков ашқан. 7 қазанда белгісіз біреулер оны өлтіріп кеткен.
Облыстық полиция адамды өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оның өлімінен кейін 90 ит айдалада иесіз қалды.
