Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір экономикасының қарқынды дамып жатқанын мәлімдеді. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ті құрап, барлық негізгі салаларда оң динамика байқалған. Өнеркәсіп 6,9%-ке, сауда 13,2%-ке, құрылыс 20,6%-ке, ал көлік қызметі 21,0%-ке артты. Облысқа 778 млрд. теңге инвестиция тартылып (22,5% өсім), көршілес елдермен сауда байланысы кеңейді. Экспорт 102,9%-ке өсіп, әлемнің 63 еліне өнім жеткізілуде. Сондай-ақ, экспорттың 90%-ін өңделген өнімдер құрайды.
admin
Редакция
Талқылау · 0 пікір
Markdown қолданылады · модерация: 1-2 сағ