Алматы облысында құтқарушылар мен ауыл тұрғындары екі жасөспірімді ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісу облысының Жаркент қаласында қатты жауын-шашыннан Өсек өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Салдарынан екі жасөспірім жағаға шыға алмай, көпірдің астында қалып қойған.
Панфилов ауданының өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әділ Қайырбек пен Жаркент тұрғындары Әзімбек Чолаков, Танатар Сатыбалды және Александр Вопьянов дереу көмекке келген. Олар бірігіп балаларды тасыған өзен ортасынан жағалауға алып шықты.
Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
