Алматы облысында бизнеске кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, прокурорлар Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізген.
Тексеру барысында кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерінің бұзылуы, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталған.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген хабарламада.
Нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты.
