Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем келіп, оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға пікір білдірген адамдар оқушы қайтыс болғанын жазған, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Қарасай ауданының білім бөлімі бұл ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.
««Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл – отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады», – делінген мәлімдемеде.»
—
