Алматы облысында экологиялық бұзушылықтар үшін 201 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыс прокуратурасы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органында атап өткендей, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою, сондай-ақ елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.
Осы мақсатта полиция органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Олар экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, уақытылы анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Қазіргі уақытта прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, аумақтарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейту және халықтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ведомство облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға және экологиялық заңнама талаптарын орындауға шақырды.
Бұған дейін «Курсив» Астанада 55 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылғаны туралы хабарлаған болатын.
