Алматы метросында тексеру кезінде жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға «Алатау» станциясында болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
«Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеру барысында сөмкеден 5,45 мм калибрлі екі оқ-дәрі табылып, тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.
Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
