Алматы метросы 1 қыркүйекте түске дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Алматы метросында жолаушылар ағыны артты. Әкімдіктің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.
Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы аралық 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.
