Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылдың 30 қарашасында, ал Токиодан алғашқы кері рейс 2026 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.
Рейстер Токио халықаралық әуежайына (Нарита) аптасына екі рет бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен орындалады.
Ұшу кестесі
Ұшу кестесі (жергілікті уақыт, үкіметтің мақұлдауына байланысты):
- 01KC171 Алматы-Токио рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады, Алматыдан сағат 21:55-те ұшып шығып, келесі күні сағат 09:25-те Токиоға қонады.
- 02Токиодан Алматыға бағытталған KC172 рейсі сейсенбі және жұма күндері орындалады, Токиодан сағат 10:55-те ұшып шығып, Алматыға сағат 16:20-да қонады.
Алматыдан Токиоға ұшу 7 сағат 30 минутты, ал кері ұшу 9 сағат 25 минутты алады.
Билет бағасы
Эконом-класта екі бағытқа арналған билеттің ең төменгі бағасы (барлық салықты қосқанда) 350 552 теңгеден, ал бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады.
Виза режимі
Жапония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Қазақстан азаматтары Жапонияға бару үшін виза алуы керек.
