Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды Көлік министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

31 шілдеден бастап әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындайды. Рейс аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына ықпал етеді.