Қазгидромет РМК 20 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындарға қозғалысты жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер үсті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Бұған дейін «Курсив» 20 қазанға Қазақстанның 17 облысы мен астанасында дауылды ескертулер жарияланғанын жазған. «Қазгидромет» болжамы бойынша, өңірлерде жаңбыр мен қар, көктайғақ, төменгі бұрқасын, тұман, шаңды дауыл және 28 м/с дейінгі жел күтіледі. Кейбір жерлерде жоғары және төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сонымен қатар, ТЖМ Астанада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с болатынын хабарлады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1…+3°C.
Алматыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.
