Алматыда 27 қыркүйекте мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Сайысқа 60-тан астам елден 16 мың қатысушы қатысады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты қала әкімдігі мәлімдеді. Жарысқа қатысушылар арасында шетелдік желаяқтар да бар.

Марафонға желаяқтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келеді.

Қатысушылар арасында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто секілді шалғай қалалардан жолға шығатындар да бар.