Қазақстаннан Малайзияға тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, "Алматы – Лангкави" бағыты бойынша рейстерді 25 желтоқсаннан бастап іске қосу жоспарланып отыр.

Рейстерді Air Astana әуе компаниясы орындайды. "Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен жүзеге асырылады", – деп хабарлады министрлік.

Айта кетері, бұған дейін қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы Шымкенттен Сингапурға тікелей әуе рейстерін іске қосатынын хабарлаған болатын.