Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, крематорий ашылған сәттен бастап 13 тамыздағы жағдай бойынша барлығы 7 кремация рәсімі өткізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

30 сәуірде Алматыда крематорий ресми ашылғалы бері қалалық патологиялық-анатомиялық бюроға кремация өткізу мәселесі бойынша қайтыс болғандардың туыстарынан 40-тан астам өтініш келіп түскен. Өтініш берушілердің арасында Қазақстан азаматтары да, шетел азаматтары да бар.

Атап айтқанда, Қытай — 3, Ұлыбритания — 1, Ресей — 2 және Өзбекстан — 1 азаматтарына қатысты өтініштер келіп түсті.

Кремациядан кейін марқұмдардың күлі туыстарына берілген. Қажет болса, күлі бар урна крематорийде бір жылға дейінгі мерзімге уақытша сақталуы мүмкін.

Айта кету керек, кремация тек қайтыс болған адамның өзі құжатталған ерік білдірген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұндай құжат болмаған жағдайда кремация жүргізілмейді.

Шетелдік азаматтар үшін кремация қызметін алу кезінде жекелеген шектеулер көзделмеген. Олар қызметті заңнамада көзделген кедергілер болмаған кезде, оның ішінде қылмыстық тергеу жүргізуге байланысты жалпы негіздерде пайдалана алады.

Қазақстан Республикасының резиденттері үшін кремациялау қызметінің құны Қазақстан азаматтары үшін стандартты тарифке сәйкес келеді. Шетел азаматтары үшін қосымша үстеме немесе арттырушы коэффициенттер көзделмеген.

Еске сала кетейік, биыл 30 сәуірде Алматыда тұңғыш крематорий ашылды.