Алматыда Хэллоуин мерекесі қарсаңында кейбір жүргізушілер өз көліктерін мерекелік жылжымалы декорацияға айналдырған. Қала жолдарында «қанды» іздері бар, сондай-ақ жүксалғышынан «адамның аяқ-қолдары» салбырап тұрған көліктерді кездестіруге болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейбір жүргізушілер Хэллоуин мерекесін осылай атап өтпек болған. Алайда мұндай безендірулер адамдарды үрейлендіріп, төтенше қызметтерге негізсіз хабарламалардың түсуіне себеп болуы мүмкін.
Полиция ақпаратында: «Көлікпен тасымалданатын заттар жүргізушінің көру мүмкіндігін шектемеуге, көлікті басқаруға кедергі келтірмеуге тиіс», — делінген. Полицейлер жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін екенін еске салды.
Естеріңізге сала кетейік, Хэллоуин — жылдың ең үрейлі мерекесі. Оның тарихы туралы толығырақ білуге болады.
