FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин бағыты бойынша тікелей халықаралық әуе рейсін іске қосады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, бұл Қытайдағы бесінші бағытқа айналып, Үрімші, Құлжа және Сиань қалаларына орындалып жатқан тұрақты рейстерді толықтырады. Алғашқы рейс 23 қыркүйекке жоспарланған.

Рейстер аптасына екі рет орындалады: Алматыдан – сәрсенбі және сенбі күндері, Чунциннен – бейсенбі және жексенбі күндері. Алматы мен Чунцин арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды.

Стандартты тариф бойынша бір бағытқа билет бағасы 96 мың теңгеден басталады. Айта кетері, Чунцин – Қытайдағы ең ірі мегаполистердің бірі әрі елдің танымал туристік орталықтарының бірі.

Қаланың ең ерекше көрікті орындарының бірі – тұрғын үй кешенінің ішінен өтетін метро желісі. Бұл нысан қазіргі Чунциннің символына айналған. Сондай-ақ Чунцин Қытайдың оңтүстік-батысындағы туристік бағыттарға саяхаттауға қолайлы қала саналады.

Солардың бірі – кварцит жартастарымен және "Аватар" фильміндегі қиял-ғажайып табиғатқа ұқсас көріністерімен танымал Чжанцзяцзе ұлттық паркі.