Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті.

««3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.»

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны жайлы видео тарап кеткен еді.