21 қазанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің деректеріне сәйкес, ҚМЖ Атырау мен Алматыда, ал түнде — Жезқазғанда болжанады.
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсияның қосылуы кезінде пайда болады. Нәтижесінде ластаушы заттар атмосфераның жер беті қабатында жинақталып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Синоптиктер мұндай кезеңдерде денсаулыққа теріс әсер ету қаупі артатынын, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті екенін ескертеді.
Ауаның ластану деңгейіне жел жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы әсер етеді.
Тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің жанында, көшеде болу уақытын қысқарту ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес беріледі.
Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға, сондай-ақ аллергиясы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүру ұсынылады. Ашық ауадағы дене белсенділігін шектеп, мүмкіндігінше сабақтарды жабық үй-жайларға көшіруге кеңес беріледі.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны туралы жазған болатын.
