Алматыда Almaty Open-2026 турнирінің іріктеу кезеңінің бірінші айналым матчтары өтті. Қазақстанның оңтүстік астанасы жүлде қоры 1,07 млн доллар болатын ATP-250 ерлер теннис турнирін үшінші рет қабылдап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іріктеудің бірінші күні үш қазақстандық сынға түсті. Бейбіт Жұқаев (503) австралиялық Адам Уолтонға (98) – 1:6, 5:7, ал Амир Омарханов (618) жапондық Реи Сакамотоға (137) – 2:6, 1:6 есебімен жеңіліс тапты. Тек Александр Шевченко (111) эстондық Даниил Глинканы (178) қиындықпен – 6:3, 6:7 (3:7), 7:5 есебімен жеңді.

Омарханов пен Жұқаев жұптық разрядтың негізгі сеткасында ойнайды. Алматыда 29 жастағы Александр Бублик 18 жастағы Заңғар Нұрланұлымен бірге жұп құрады. Бірінші ойындарда сәттілік болса, қазақстандық дуэттер ширек финалда кездеседі.

Үшінші нөмірмен себілген Бублик жекелей разрядтың бірінші айналымын өткізіп жібереді. Екінші айналымда ол не құрамалас Тимофей Скатовпен, не венгр Фабиан Марожанмен кездеседі.

Жексенбі күні кешке, барлық іріктеу матчтары аяқталған соң, Бублик Михаил Кукушкинмен бірге, сондай-ақ жекелей разрядта уайлд-кард алған Нұрланұлы «Алматы Аренада» көрсетілім матчын өткізеді.

ATP-250 Almaty Open ерлер турнирі – 2020-2023 жылдары Астанада өткізілген жарыстардың мұрагері. 2022 жылы турнир «500» мәртебесін алды, бірақ кейін бастапқы деңгейіне оралды. Алматыда ол алғаш рет 2024 жылы өтті.

Әр жылдары турнирді серб Новак Джокович, ресейлік Карен Хачанов, француз Адриан Маннариво және басқалар жеңіп алды.

2025 жылы чемпион ресейлік Даниил Медведев болды, ол финалда Францияның өкілі Корентен Мутеді – 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Шанхай мыңдығының жартылай финалына шыққан соң, Медведев Алматыға титулын қорғауға келеді.

2025 жылғы жұптық разрядта Тео Аррибаж мен Альбано Оливетти жеңімпаз атанды. Шешуші матчта француздар немістер Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерді – 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.